Бекшин қаулы қабылдады. Алматыда карантин оқу жылы басталғанша жалғасады

16 Тамыз 2021, 21:04
5301
Бөлісу:
Бекшин қаулы қабылдады. Алматыда карантин оқу жылы басталғанша жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің кезекті жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес, қаладағы карантиндік шектеулер 31 тамызға дейін ұзартылды.

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, тамыз айының соңына дейін тыйым келесі нысандарда ұзартылады:

- Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындардың қызметіне; 

- кәсіпорындардың қызметіне Ashyq-ке қатысқанына қарамастан демалыс және мереке күндері.

Бұдан бөлек оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын жаңа талаптар белгіленді:

  1. барлық білім беру мекемесінде Ashyq жүйесін енгізу;
  2. бастауыш, орта және жоғары сынып балаларына арналған бөлек кіру есіктері;
  3. барлық қызметкер мен білім алушының күнделікті таңертеңгі сүзгісі;
  4. бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  5. кабинеттік оқыту жүйесін жою;
  6. әр уақытта бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының ауысуын ұйымдастыру;
  7. сыныпта, топта коронавирустық инфекциямен ауырған бірінші жағдайда, сондай-ақ отбасы мүшелерінің ауруы кезінде оқушыларды оқытудың онлайн-форматына ауыстыру;
  8. ата-аналардың өтініші бойынша оқушыларды онлайн форматта оқыту мүмкіндігі.

 

Бекшин қабылдаған қаулының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Өзгелердің жаңалығы