Бекшин карантин шаралары неліктен жеңілдетілетінін түсіндірді

3 Қыркүйек 2021, 16:49
6570
Бөлісу:
Бекшин карантин шаралары неліктен жеңілдетілетінін түсіндірді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 4 қыркүйектен бастап Алматыда «эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты» карантин шаралары бәсеңдетілетінін мәлімдеді.

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері жұмысшылар мен келушілерге Ashyq қосымшасында «жасыл статусы» бар кәсіпкерлердің нысандары рұқсат етілген – олар вакциналанған немесе ПТР-тестін бір аптадан аз уақытта тапсырған. Дүйсенбіден бастап жұмыс күндері кәсіпкерлік нысандарға түн ортасына дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Көптеген адам дерттің қауіпті екенін жақындарынан айырылғаннан кейін ғана түсінеді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға күмәнмен қарайтын, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты елемейтін адамдар әлі де бар. Жастар аурудың гипертасымалдаушылары болып қала беретінін еске салу қажет, - дейді Ж. Бекшин.  

Шараларды жеңілдету цифрлық технологияларды, яғни Ashyq қосымшасын қолдану арқылы мүмкін болған. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты негізгі шектеу шаралары жалғасады. Оның айтуынша, коронавирустың «Дельта» штамы өте тез тарайды, әрі ауру белгісі бар адамдар саны артқан.
 

«Дельта» штамы келгелі ауру белгісі бар науқастар саны 95%-ға дейін өсті. Мәселен Ухань нұсқасында симптомдық белгісі барлар - 50%, британиялық нұсқада - 81% болды, - деді ол. 
 

Бұған дейін Бекшин Алматыда тамыз айында 46 мыңнан астам адам вирус жұқтырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы