Бекшин: Алматыда коронавирусқа шалдыққандардың көбі жастар

22 Шілде 2020, 17:40
989
Бөлісу:
Бекшин: Алматыда коронавирусқа шалдыққандардың көбі жастар

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, вирус жұқтырғандардың 29,3%-ы 20-29 жастағы адамдар, 30-39 жас – 21,1%, 60 жастан жоғары адамдар арасында – 14,1% тіркелген. Осы үш топ дәрігерлерді көбірек алаңдатып отырған көрінеді.

Қазір үй жағдайында карантинде отырған 7 765 адамға медициналық бақылау жалғасуда. Соңғы жеті күнде ақылы негізде өз еркімен сынама тапсыруға жүгінген жағдай 942-ден 1060-қа дейін өскен. Алдын алу мақсатында тексеру кезінде 399 оқиға анықталды, - дейді ол.

Бекшин сөз арасында қаланың провизорлық және инфекциялық стационарларында емдеуге жатқызылған науқастарды 60 пайызы қала сыртында тұратын және өзге өңірдің тұрғындары екенін айтты. Коронавирусқа талдама жасайтын мекемелерге жүгінгендердің 40% да Алматы облысының тұрғындары екен. 

Пандемия басталғалы Алматы қаласында коронавирусты анықтайтын 376 мың зерттеу талдамасы жүргізілген. Оның 59 мыңы ақылы негізде жасалған. Қазір қалада халықтан сынама алатын 7 орын жұмыс істеп тұр, - дейді қаланың бас санитары.

Өзгелердің жаңалығы