Bek Аir-ға қатысты алғашқы сот отырысы өтті

22 Сәуір 2020, 23:40
1748
Бөлісу:
Bek Аir-ға қатысты алғашқы сот отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Бек Эйр" АҚ-ның әуе компаниясының жолаушыларына күші жойылған рейстердің ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі талап арызы бойынша бейне-конференц байланыс режимінде бірінші сот отырысы өткізілді.
 

 

2020 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша Комитет 560 қазақстандық - "Бек Эйр" АҚ-ның клиенттерінің мүддесін білдіреді, олар 37 млн теңгеден астам сомаға 1070 билет сатып алды. Тұтынушылардың өтініштері Комитетке күн сайын түседі. Сондықтан Комитет талап арызды сот шешімі шығарылғанға дейін келіп түскен арыздармен толықтыратын болады. Сот отырысы барысында "Бек Эйр" АҚ-ның өкілі әуекомпания өз клиенттеріне ақша қайтару процесін бастағанын хабарлады. Оның айтуынша, әуекомпания 300 млн теңгеге жуық қаржы қайтарған. Қаражатты қайтару үшін тұтынушы авиакомпанияға барып, билеттің алынғанын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет - делінген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Келесі сот отырысы 2020 жылдың 13 мамырында өтеді.



 

Өзгелердің жаңалығы