Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Bek Air ұшағы апатына қатысты тергеу жұмыстары туралы айтты.
Қазір вице-премьер Роман Склярдың басшылығымен үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамында авиация қызметі, құқыққорғау органдары – барлық өкіл кіреді. Алдын ала қорытынды 10 күн ішінде шығарылады. Тергеу барысындағы детальдарды өзіміз қарастырамыз. Қазір өзімізде сұрақ көп. Екінші ұшқыш пен екінші бортсерік жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған екі бортсерік ұшақ салонының арт жағында болған. Олар қазір түсініктеме беріп жатыр. Тергеудің деректерін қазір айта алмаймын, - деді министр Үкімет отырысының кулуарында.
Айта кетсек, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақ Қызыл ту ауылында екіқабатты ғимаратқа соғылып апатқа ұшырады.
Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылардың толық тізімі жарияланды.
Мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетті.
Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды.
Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждың есімдері белгілі болды.
Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетінін айтты.
ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.
Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.