Bek Air әуе компаниясының басшысы жазалана ма?

29 Сәуір 2022, 15:12
1423
Бөлісу:
Bek Air әуе компаниясының басшысы жазалана ма?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызалиев Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 әуе кемесіне қатысты болған авиациялық оқиғаны тексеру жұмыстары аяқталғанына қатысты баспасөз брифингінде айтты. 

Қазір біз компанияның басшысы қайда екенін білмейміз. Ол бздің құзырға кірмейді. Оның жазаға тартылуы, тартылмауын арнайы органдар шығарады, - деді Болат Наурызалиев.

Айта кетейік, «Бек Эйр» АҚ әуе кемесімен болған авиациялық оқиға ұшақ әуеге көтерілген кезде қанатының күш түсетін қасиеттерінің симметриясын жоғалтуы нәтижесінде орын алғаны анықталды. Соның кесірінен ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін фюзеляжға құлап, қар басқан топырақтың бетімен оңға қарай ауып кеткен, одан кейін әуежайдың периметр бойынша қоршауын бұзып, аталған қоршаудан 9-10 метр қашықтықта орналасқан екі қабатты жеке меншіктегі құрылыс нысанына соғылған.   

Өзгелердің жаңалығы