Bek Air. Әуе апатынан қайтыс болған ұшқыштың отбасына 4 млн теңге бөлінеді

24 Тамыз 2021, 17:38
2022
Бөлісу:
Bek Air. Әуе апатынан қайтыс болған ұшқыштың отбасына 4 млн теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек министрлігі Bek Air ұшағының апатынан қайтыс болған ұшқыш Миржан Мулдақұловтың отбасына 4 миллион теңге төлейді. 

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2021 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Үкімет резервінен ұшқыш Молдақұловтың әйелі Міржан Ғайнұлұлына қаржылай көмек көрсетуге 4 млн теңге сомасында қаражат бөлінсін, - делінген «Ашық НҚА» порталындағы қаулы жобасында. 

Айта кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшатын Bek Air әуе компаниясының әуе кемесі апатқа ұшырады.

Салдарынан 12 адам қаза тапты. 

Оның ішінде ұшақ командирі Марат Мұратбаев және екінші ұшқыш Миржан Мулдақұлов болған еді. 

Миржан Мулдақұлов омыртқасынан ауыр жарақат алып, кейінен ота жасалған болатын. 

2020 жылдың 21 қаңтарында ауруханадан шығарылды. 

Кейінірек 28 қаңтарда үйінде ер адам өкпе тромбоэмболиясынан қайтыс болғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы