Елімізде бедеулік диагнозымен 9 467 әйел есепте тұр

4 Қыркүйек 2020, 16:33
2153
Бөлісу:
Елімізде бедеулік диагнозымен 9 467 әйел есепте тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметі бойынша, елімізде 9 467 әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр. Келер жылы іске қосылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасына жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге үмітті кез келген жұп қатыса алады. Еліміздегі емнің тиімділігі – дүниеге келген бала санымен бағалайтын болсақ, 30% деңгейінде. Бұл еуропалық үздік клиникалардағы нәтижелермен бірдей, - деді ол. 

Айта кету керек, пациент аталмыш бағдарлама аясында жылына бір рет ЭКО жасай алады. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл 1105 ЭКО-ға 943 млн 800 мың теңге қарастырылған. Президенттің Жолдауына сәйкес, ЭКО квотаны 7 есе көбейту керек. Қазақстанда 26 ЭКО-орталығы жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік. Жалпы, осы күнге дейін елімізде ЭКО-ның көмегімен 22 мыңнан астам сәби дүниеге келген, - деді ресми өкіл. 

Еске сала кетейік, бүгінгі кездесу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өзекті мәселелері: Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру тақырыбына арналды. Бұған дейін Бағдат Қожахметов елімізде коронавирусты жұқтыру деңгейі төмендеп келе жатқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы