Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды

9 Тамыз 2022, 21:20
1180
Бөлісу:
Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды
Фото: автордан

Бүгін Байқоңыр қаласында Иран Ислам мемлекетінің Хaйям жepсерiгi ұшыpылды. Ресейдің «Союз-2-1б» зымыран-тасығышына ирандық жeрді қaшықтықтaн зoнттay жерсерігімен бірге 16 құрылғы орнатылған, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды

Қызылорда облысына іссапармен келген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин зымыранның ұшырылуына арнайы қатысты. Сонымен қатар бұл шарада Халық Қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетов, Иран Ислам Рecпубликасынан келген делегаттар мен Алматы қаласынан 10 оқушы болды. Зымыранның әуеге көтерілу сәтіне куә болған бұл оқушылар «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы бойынша республикалық жобалар байқауының жеңімпаздары.

Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды

Ресейлік зымыран Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11-42-де сәтті ұшырылды. Сол сәтте министр Бағдат Мусин ғарыш айлағының маңына жиналған 10 оқушымен кездесіп, олармен тілдесті. 

Мемлекет басшысы бір сөзінде бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертіп, техникалық мамандықтарға басымдық беруіміз керектігін айтты. Инженерлер мен өнеркәсіп мамандарының жаңа буынын тәрбиелеу қажет. Қазақстандық мектеп оқушылары физика, математика, IT, астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиадаларды қоса алғанда, олимпиадаларда жарқын және табысты өнер көрсетуде. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның бастамасымен біз мектеп оқушыларын оқуға ынталандыруға және балаларымыздың ғылыми-техникалық әлеуетін іске асыру үшін барлық мүмкін болатын ынталандыруларды жасауға көңіл бөлуді жөн көрдік. Ал бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш аппаратының ұшырылуына Алматыдан бір топ мектеп оқушыларының қатысуына мүмкіндік бердік, - деді министр. 

Бағдат Мусин мұндай істі дәстүрге айналдыруға тырысатынын жеткізді. Сондай-ақ балалардың қолға алған істеріне табыс тіледі. 

Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды

Алдағы уақытта да қолға алған жобаларыңыз бойынша жетістікке жетуге тілектеспін.  Ғарыш саласында да басқа да салаларда Қазақстанның дамуына өз үлестеріңізді қоса беріңіздер. Қазіргі идеямыз 2030 жылға қарай жеңіл класты зымыран құрастыру болып отыр. Сол идеямызды жүзеге асыруға күш-жігерін салатын жастарға қош келдіңіздер дейміз, - дейді министр Бағдат Мусин.

Бұл идеяның оңай шаруа емес екенін айтқан министр жастардың күш-жігеріне сенім артты. 

Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды

Расында оңай жұмыс емес. Бір зымыран 9-12 қабатты үйдің биіктігіндей болады десек, сол зымыранды аспанға ұшыру, ғарышқа жеткізу оңай шаруа емес. Сондықтан ғарыш саласы толыққанды ілгерілетуді талап етеді. Әлбетте, ол үшін мамандар қажет. Ол мамандар қазіргі жастар, - деді министр. 

Осы орайда Бағдат Мусин ғарыш саласы цифрландыру саласы бір-бірімен тығыз байланысты екенін айтты. 

Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды

Бүгін әуеге көтерілген спутник жерді қашықтықтан зонттайды. Яғни, жерді аспаннан суретке түсіріп, жерасты зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл суреттер арнайы базаға жинақталады. Базадағы мәліметтерді іріктеп, талдау қажет. Сол үшін цифрландыру мен ғарыш тығыз байланысты. Іріктеуді, талдауды адам жасай алмайды. Адам үйретеді, ал жасанды интелект керегін алады, - деді министр.

Бағдат Мусин балалармен кездесу барысында ғарыш саласы ғана емес, барлық сала цифрландырумен тығыз байланыста екенін атап өтті.

Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды

Мен физика-математика пәнінен «Ғарыш және жер секциясы» атты ғылыми жоба жасаған болатынмын. Онда ұшу құрылғылары туралы ғылыми жұмыс жүргіздім. Бүгін зымаранның әуеге көтерілу сәтін көріп, өз ісіме деген құлшынысым артып отыр. Тың ойлар жинақтадым. Дәл қазіргі сәтте алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен бүгін фильм көргендей әсер алдым, - деді Ақжол Ерланов.

Ғарыш саласын зерттеп бастаған алматылық 10-сынып оқушысы Кәмила Жұмабаева бүгінгі тарихи оқиғаға куә болғанына риза екенін айтты. 

Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды

Ғарыш айлағынан кейін алматылық дарынды балалар «Бәйтерек» ғарыштық кәсіпорнының базасын аралап көрді. Бұл кәсіпорын Қазақстан Республикасына тиесілі. Мұнда оқушылар «Зенит» зымыран тасығышын құрастырып, сынақтан өткізетін алып кешенмен танысты. Кешендегі мамандар оқушыларға әрбір құрылғының атқарар қызметін егжей-тегжейлі түсіндірді. 

Мұнан соң оқушылар №45 ұшыру алаңына барып, оның үстінгі және астыңғы бөліктерімен түгел танысып шықты. Балалар мұнда 6 қабатты тұрғын үйдің көлеміндегі жерасты жолымен өтіп, зымыранды ұшуға дайындайтын, алайда алдағы уақытта мұражайға кететін құрылғылармен танысты.

Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды

Бұл ұшыру алаңында соңғы рет 2017 жылы зымыран тасығыш әуеге көтерілген. Сол уақыттан кейін нысан Қазақстанға қайтарылған. 

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда «Бәйтерек» жобасы қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп бастаған. Алайда әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты нысанның пайдалануға берілу уақыты 2 жылға шегерілген. Алдағы уақытта нысандағы барлық технологиялар заманауи үлгіге көшетін болады. 

Байқоңырда Иран Ислам Республикасының жерсерігі ұшырылды

Айта кетейік, Цифpлық дaмy, иннoвaциялap жәнe aэpoғapыш өнepкәciбi миниcтрi Бaғдaт Мycин Бaйқoңыp қаласына іссапары кезінде «Бaйқoңыp» кешеніндегі бірқатар нысандарды аралады. Сонымен қатар жұлдызды қалашық тұрғындарымен кездесті. Оған қоса, Роскосмос пен Иран Ислам Республикасының ғарыш саласы басшыларымен кездесіп, бірқатар жобаларды талқылады.  

Өзгелердің жаңалығы