Байқоңырда әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды қорқытқан адам қолға түсті

10 Қыркүйек 2022, 10:16
1150
Бөлісу:
Байқоңырда әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды қорқытқан адам қолға түсті

Байқоңыр тұрғыны WhatsApp месенджері арқылы жасаған бейнеүндеуінде аталған кешендегі Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі басқармасының басшылығына қаладағы Арбат деп аталатын аумақтың ұйымдасқан тобына қарсы күш қолданатыны туралы айтқан.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабымен (Қорқыту) тергеп-тексеру басталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 32 жастағы күдікті ұсталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Өзгелердің жаңалығы