Байқаушы: Сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр

19 Наурыз 2023, 07:56
659
Бөлісу:
Байқаушы: Сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр
Фото: ашық дереккөз

Елордадағы №110 сайлау учаскесіндегі байқаушылар өтіп жатқан сайлауға бағасын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Таңғы сағат 06:30-дан бастап байқаушылар сайлау учаскесінің жұмысымен танысып, өтіп жатқан сайлауға жоғары бағасын берді.

Өтіп жатқан сайлаудың ұйымдастырушылық процесі жоғары деңгейде. Біз мұны демократияға жасалған қадам деп нық сеніммен айтамыз. Негізі барлық партиялармен, азаматтармен кездесу болды. Біздің міндетіміз – барлығын демократиялық ету.  Бәрі заң бойынша өтіп жатыр. Барлық өзгерістер Қазақстанның игілігі үшін. Бұл сайлауға қазақстандықтар толық қатысып, дауыс береді деп ойлаймын, - дейді ҰҚШҰ ПА байқаушысы.

 Айта кетейік, №110 сайлау учаскесінде 2229 сайлаушы тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы