Баймұқашев учаскелік инспекторлар арасындағы сыбайлас жемқорлық азайғанын айтты

25 Мамыр 2021, 13:43
1774
Бөлісу:
Баймұқашев учаскелік инспекторлар арасындағы сыбайлас жемқорлық азайғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру туралы өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.


Ішкі істер министрлігі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін қатаң бақылауда ұстап отыр. Қазір қызметкерлерге айлықтарын көтеру және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қолға алдық. Бұл мәселе де жемқорлықты жоюға көп әсер ететін факторлардың бірі. Ал учаскелік инспекторлар арасындағы нақты жағдайға келетін болсақ, былтыр полиция қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыстың 8-10 пайызын құраса, биыл ол 4 пайызды құрады, - деді ол.

Баймұқашев айтқандай, биыл учаскелік полиция инспекторы жасаған 3 дерек тіркелді.

Осыған дейін Мұрат Баймұқашев учаскелік инспекторлардың мәртебесіне қатысты заңнаманың жетілдірілуіне қарай алгоритмдер кезең-кезеңімен жаңартылатынын айтқан еді. Сондай-ақ ол елімізде жыл сайын 78 учаскелік полиция пункті салынатыны туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы