Байланыс сапасының параметрлерін бұзғаны үшін айыппұл 10 есеге өсуі мүмкін – Мусин

2 Ақпан 2021, 11:36
2062
Бөлісу:
Байланыс сапасының параметрлерін бұзғаны үшін айыппұл 10 есеге өсуі мүмкін – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында  айтты. 

Байланыс қызметтерінің сапасын бақылау бойынша айтатын болсақ, бұрын байланыс сапасының минималды шегі реттелмеген еді. Біз арнайы бұйрық жобасын әзірледік. Онда байланыс сапасының көрсеткіштерін анықтадық. Мысалы, 4 G байланыс стандарты бойынша кемінде минутына 5 мбит/сек қажет ететіні айқындалды, - деді ол. 

Мусин тұтынушылардың құқығын күшейтуді ұлғайтатынын айтты. 

Байланыс сапасының параметрлерін бұзғаны үшін айыппұлдар сомасын  10 есеге, 100 АЕК-ден 1000 АЕК-ге өсіру бойынша түзетулерді депутаттар талқылап жатыр. Байланыс қызметтерінің сапасы ерекше бақылауда тұр, - деді министр. 

Сондай-ақ, министр 2020 жылы министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп 13 цифрлық құжатты жүзеге асырғанын айтты. 

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктерге бірқатар тапсырма берген болатын. Бүгінгі Үкімет отырысында министрлер Президент тапсырмасын жүзеге асыру бойынша баяндама жасады.

Өзгелердің жаңалығы