Байқоңырда полицейлер контрафактілік сағаттарды тәркіледі

24 Қазан 2020, 03:11
1805
Бөлісу:
Байқоңырда полицейлер контрафактілік сағаттарды тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер контрафактілік сағаттарды тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазанда Байқоңыр қаласында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу  барысында сауда орталықтарының бірінде контрафактілік сағаттарды сатқан жергілікті тұрғынды анықтады.

Жедел уәкілдер бұл азаматтан лицензиялық келісім-шартсыз сатып тұрған, «ROLEX», «DANIEL WELLINGTON», «RADO», «Calvin Klein», «HUBLOT», «TISSOT», «APPLE», «BURBERRY»және «LONGINES! маркалы ерлердің қол сағаттарын тәркіледі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Мән-жайлар анықталуда.



Өзгелердің жаңалығы