Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин журналистердің сұрағына жауап берді.
Сайлау учаскелеріндегі бейнебақылау камераларына жабысқақ қағаздың (скотч) жабыстырылуы құпия дауыс беруді ұйымдастыру мақсатында жасалып отыр. Себебі бұл камералар дауыс беру камераларына бағытталған, - деді ол.
Әлеуметтік желілерде кей байқаушы кейбір сайлау учаскесінде сайлаушыларды бақылау үшін тиісті жағдай жасалмағаны жөнінде ақпарат таратып жатқанына тоқталды.
Онда орындықтардың жетіспейтінін және ПТР-тест талап етіліп жатқаны туралы жазылған. Бұл жерде біз сайлау комиссиясы тарапынан заң бұзушылық көріп отырған жоқпыз. Бұл фактілер жөнінде Бас прокуратура ақпараттанған. Мұндай талаптар еліміздің бас санитарлық дәрігерінің коронавирус пандемиясына қатысты талаптарына байланысты. Осы ретте ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, байқаушылардың назарын олар өздерінің ескертулерін нақтыланған, құжаттанған фактілерге сай негіздеуі керек екенін аударғым келеді, - деді ол.
Айта кетейік, брифинг «Сайлау күніндегі шағымдар мен бұзушылықтар туралы» тақырыбы аясында өтті.