Байкал көліне төрт тонна мұнай төгілді

24 Сәуір 2025, 19:02
917
Бөлісу:
Байкал көліне төрт тонна мұнай төгілді
PHOTO
Фото: Байкал музейі

Байкал көлінің түбінен шамамен төрт тонна мұнай сыртқа шықты. Бұл туралы Байкал музейі "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, бұл оқиға мұз қабатының астында болған. Мамандардың айтуынша, бұл – апат та емес, адам әрекетінің салдары да емес, көл түбіндегі табиғи процестермен байланысты сирек кездесетін табиғи құбылыс. 

Байкал көліне төрт тонна мұнай төгілді
Фото: Байкал музейі

Мұнайдың бетке шығуын музей қызметкерлері Бурятиядағы Сухая ауылы маңында, нерпаларды бақылау кезінде тіркеген. Қыс бойы мұздың астында жиналған көмірсутектер көп мөлшерге жетіп, сыртқа шығып, майлы дақтар пайда болған.

Байкал көліне төрт тонна мұнай төгілді
Фото: Байкал музейі
Байкал көліне төрт тонна мұнай төгілді
Фото: Байкал музейі

Мамандардың бағалауынша, мұндай құбылыс Байкалда жыл сайын болады. Шамамен төрт тоннадай мөлшер экожүйеге зиян келтірмейді. Ғалымдар бұл табиғи құбылысты алғаш рет XIX ғасырда зерттеуші Иоганн Георг Гмелин сипаттағанын айтады. Кейінірек кеңестік геологтар Байкалдан мұнай өндіру мүмкіндігін зерттеген, бірақ көлдің бірегей экологиясына төнетін қауіптерге байланысты бұл ойдан бас тартқан.

Байкал түбінде көмірсутек қоры бар, осыған байланысты онда табиғи жолмен мұнай мен газ түзіледі. Соған қарамастан, Байкал – әлемдегі ең таза әрі ерекше тұщы су экожүйелерінің бірі болып қала береді.

Байкал көліне төрт тонна мұнай төгілді
Фото: Unsplash
Өзгелердің жаңалығы