Байден Ресейді айыптады

20 Ақпан 2021, 17:25
1836
Бөлісу:
Байден Ресейді айыптады

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден Ресей Америка Құрама Штаттарының одақтастармен трансатлантикалық серіктестігін бұзуға тырысатынын мәлімдеді.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Америка басшысы Мәскеу «еуропалық жоба мен НАТО одағын әлсіреткісі келеді» және «трансатлантикалық бірлік пен біздің шешімімізді бұзғысы келеді» деп мәлімдеді.

Ақ үй басшысының пікірінше, Ресейге «біртұтас және күшті трансатлантикалық Одақпен келіссөз жүргізуден гөрі жекелеген елдерге қауіп төндірген әлдеқайда оңай», сондықтан Байден егемендікті қорғау қажеттілігін бөлек атап өтті.

Байденнің пікірінше, Ресеймен қарым-қатынастағы қиындықтар Қытаймен қарым-қатынастағыдан өзгеше, бірақ олар да нақты. Алайда осы екі жағдайда да Вашингтон қақтығысты қаламайды.

Біз барлық ел зорлық-зомбылықсыз өз жолын таңдай алатын болашақты қалаймыз. Біз қырғи қабақ соғыс блоктарының қарама-қайшылығына оралмауымыз керек. Бәсекелестік бәрімізге қатысты мәселелер бойынша өзара әрекеттесуді жоққа шығармауы керек, - деді АҚШ президенті.
Бұған дейін ол АҚШ-та індеттен қанша адам қайтыс болатынына болжам жасаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы