Байбек партияның Жаңаөзендегі қандай мәселелерді қолға алатынына тоқталды

16 Қазан 2020, 17:06
1372
Бөлісу:
Байбек партияның Жаңаөзендегі қандай мәселелерді қолға алатынына тоқталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Маңғыстау облысына жұмыс сапары Жаңаөзен қаласында жалғасты. 

Байбек партияның Жаңаөзендегі қандай мәселелерді қолға алатынына тоқталды

Ол мұнда жаңаөзендіктермен партияның таяудағы 5 жылға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасының жобасын қарады. Сапар барысы туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Facebook-тегі парақшасында арнайы жазба жариялады. 

Байбек партияның Жаңаөзендегі қандай мәселелерді қолға алатынына тоқталды

«Праймериз барысында қала тұрғындарынан 100-ден астам ұсыныс түсті. Оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру деңгейін көтеру, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, жолдар мен аула алаңдарын салу, ауыз сумен қамтамасыз ету және басқалары бар. Бұл мәселелер бағдарламаны жетілдіру кезінде көрініс табатын болады. 

Байбек партияның Жаңаөзендегі қандай мәселелерді қолға алатынына тоқталды

Қазақ газ өңдеу зауытының ұжымымен кездесуде кәсіпорынды ары қарай жаңғырту мәселесін талқыладық. Бұл жобаны іске асыру Nur Otan-ның қалалық сайлауалды бағдарламасына да енгізілген. Жалпы тұрғындарды жұмыспен қамту үшін қалада 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда, - деді Бауыржан Байбек.   

Байбек партияның Жаңаөзендегі қандай мәселелерді қолға алатынына тоқталды

Сонымен бірге ол Н.Нұргалиев, Ж.Ерғазиев, Н.Алланазаров, Ғ.Махамбетов және А.Табылдиев сынды азаматтарды қабылдап, көтерген мәселелерін тыңдады. Қабылдаудан соң Партиялық бақылау комитеті мен филиал басшылығына әрбір өтінішті мұқият қарауды тапсырды. 

Байбек партияның Жаңаөзендегі қандай мәселелерді қолға алатынына тоқталды

Партияның Жаңаөзен қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының жобасымен primaries.kz сайтынан танысуға болады.

Байбек партияның Жаңаөзендегі қандай мәселелерді қолға алатынына тоқталды

Өзгелердің жаңалығы