Nur Otan-ның қоғамдық қабылдау бөлмелері проактивті форматқа көшеді

26 Ақпан 2021, 16:41
1723
Бөлісу:
Nur Otan-ның қоғамдық қабылдау бөлмелері проактивті форматқа көшеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурызда Nur Otan партиясының құрылғанына 22 жыл толады. Бұл туралы Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында жазды.

Осынау айтулы күннің қарсаңында елімізде мыңнан астам белсенді азамат партия қатарына қосылды. Олардың арасында азаматтық қоғам, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, мәдениет пен спорт саласының өкілдері бар.

Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, нұротандықтардың басты принциптері – жауапкершілік, командалық рух және партия идеалдары мен құндылықтарына берік болу. Біз Жарғы талаптарына сәйкес партиялықтардың сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ партия жақтастарының институты кеңейтіледі, - деп жазды Байбек.
Алдағы электоратаралық кезеңде Елбасы Nur Otan-ның жұмысын толықтай қайта құруды, сайлауалды уәделерді іске асырылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Партия лидерінің фракциялар жұмысын күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес біздің депутаттардың қоғамдық рейтингісі енгізіледі. Партиялық тізімдерде резервте тұрған 2 мыңдай азамат, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдар тартыла отырып, партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымдалатын болады. «Электронды партия» жобасын жандандыру аясында Үкіметпен бірлесіп әр өңір, қала және аудан бойынша сайлауалды бағдарламалар шеңберіндегі жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді, - деп жазды ол.
Партия лидері айтқандай, Nur Otan-ның аппараты пандемия кезеңінде тұрғындармен нақты жұмыс жүргізуге бағдарлануы тиіс. Ел көлеміндегі 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі өзара әрекет жасаудың проактивті форматына көшуі тиіс. Оның ішінде әлеуметтік желілер де қамтылуы қажет.
Соңғы жылда бізге 393 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. 5 жыл ішінде партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олардың 92%-і оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Осыған байланысты алға қойылған жаңа міндеттер ескеріле отырып, қоғам қайраткері Әлия Садырбаева партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы болып тағайындалды. Оның заң және қоғамдық ұйымдар саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Nur Otan – нақты істер партиясы. Біз сайлауалды уәделердің іске асырылуына барлық деңгейде жүйелі бақылауды қамтамасыз етеміз. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз, - деп жазды Бауыржан Байбек.

Өзгелердің жаңалығы