"Байқоңыр" ауданында өрт сөндіру депосы ашылады

24 Ақпан 2020, 13:46
1335
Бөлісу:
"Байқоңыр" ауданында өрт сөндіру депосы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Байқоңыр ауданында орналасқан ғимарат 4 қабаттан тұрады. Депо жұмысы биыл басталады. Өрт сөндіруге арналған арнайы техника сатып алынады. Депо қызметкерлерінің қолайлы жағдайда жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Ғимаратта шеберхана, спорт залы, оқу сыныбы, халыққа нұсқау беру бөлмесі және т.б. бөлмелер бар. 3 қабатта қызметкерлерге арналған жатақхана орналасса, 4 қабатта пәтерлер бар. Депо аумағында оқу мұнарасын, кедергілері бар 100 метрлік жолақты және әмбебап алаңды салу жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар, қала әкімі Алтай Көлгінов №1 индустриалды паркке барды. Кәсіпорын басшылары бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты. Көтерілген мәселелер жұмысқа алынды.



Өзгелердің жаңалығы