Бауыржан Байбек дауыс беруге отбасымен келді

9 Маусым 2019, 09:29
1956
Бөлісу:
Бауыржан Байбек дауыс беруге отбасымен келді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс беру үшін отбасымен келді. 

Әкім қаладағы №40 мектепте орналасқан 235 участокке отбасымен келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс беріп шыққан соң Бауыржан Байбек бүгін әр қазақстандықтың болашағы үшін маңызды таңдау жасайтын күні екенін айтты.  

“Бүгін барлық отандастарымды айтулы мерекемен құттықтаймын. Әр алматылық өзінің болашағы үшін, өркендеу мен даму тұрғысында таңдау жасайды. Бүгін менде өз таңдауымды жасадым. Қазақстан алға қарай дамып, реформалады жасай беретініне сенімдімін. Тәуелсіздік жылдары көптеген іс атқарылды, оны тек Алматыға қарап та байқауға болады. Қазір Алматы экономикасы 100 есеге, жұртшылықтың табысы 20 есе өсті”, - деді әкім. 

Бауыржан Байбек дауыс беруге отбасымен келді


 

Сөз арасында ол бүгінгі ауа райының да тамаша болып тұрғанын және дауыс беруге келетіндер қатары анағұрлым жоғары болады деген ойын білдірді. 

“Бүгін өз болашағына немқұрайлы қарамайтын алматылықтар өз таңдауын жасайды деп сенемін. Бірге біз Қазақстанымызды көркейтуге өз үлесімізді қоса береміз. Сайлау тыныш, ашық әрі ҚР заңнамасына сәйкес өтеді деп ойлаймын”, - деді Бауыржан Байбек.

Алматы қаласы бойынша 554 сайлау учаскесі құрылған. Сондай-ақ 1 миллион 100 мың адам дауыс беруге келетінін растаған.

Өзгелердің жаңалығы