batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды

9 Мамыр 2024, 16:15
368
Бөлісу:
batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды

Сайт Екінші дүниежүзілік соғысына (1941-1945 жж.) қатысқан қазақстандық ардагерлер туралы мәліметтермен толтырылған ашық қолжетімділіктің бірегей ақпараттық ресурсын ұсынады.

Жобаның негізгі мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты III отырысында атап өткендей, мемлекет соғыс жылдарында теңдесі жоқ жауынгерлік және еңбек ерліктерін жасаған отандастарымызды ел жадында сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Сайт әртүрлі ақпарат көздерінен жинақталған және Қазақстан халқының ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып табылады. Пилоттық жоба 2023 жылы іске қосылып, азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Сайттың функционалдық мүмкіндіктері кеңейтіліп, деректер толыққанды порталға жүйеленді. Бүгінгі таңда порталда 100 мыңнан астам қазақстандық ардагерлер туралы ақпарат бар. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай портал барлық ардагерлер туралы деректерді біріктіреді деп үміттенеміз. Біз әрбір қазақстандықты ҰОС ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қосуға шақырамыз. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттармен сайтты толықтыруға көмектесе алады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін. Бұл портал – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, еріктілер мен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі, - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Түрлі ақпарат көздерінен ақпарат жинаған сайт қазақстандықтардың майдандағы ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып табылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі пилоттық жобаны 2023 жылы іске қосты және ол бірден азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Бүгінгі күні порталдың функционалы кеңейтіліп, деректер толыққанды жүйеленді. Портал бір жылдың ішінде, яғни Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай барлық қазақстандық ардагерлер туралы деректерді біріктіретін ақпараттық интерактивті жүйеге дейін жетілдіріледі.

Жобаны жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер қатысты.

Әрбір қазақстандық  Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қоса алады. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттарды жобаға көшіруге беру арқылы сайттытолықтыруға көмектесу мүмкіндігіне ие болады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін.

Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұлттық құрылтайының III отырысында атап өткендей, мемлекет соғыс жылдарында теңдесі жоқ жауынгерлік және еңбек ерліктер жасаған отандастарымызды ел жадында сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Портал жұмысының маңызды бөлігі аталарымыздың майдан даласында көрсеткен ерліктерін насихаттау және тарихи әділеттілікті қалпына келтіру болып табылады. Жобаның басты мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету.

Өзгелердің жаңалығы