«Батырларға тағзым»: алматылықтар қазақ батырларының құрметіне алып туды көтеріп өтті

9 Мамыр 2025, 11:51
372
Бөлісу:
«Батырларға тағзым»: алматылықтар қазақ батырларының құрметіне алып туды көтеріп өтті
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған «Батырларға тағзым» патриоттық акциясы өтті. Шара барысында қатысушыларға 10 мың Мемлекеттік ту мен 20 мың Жеңіс лентасы” таратылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараны ұйымдастыруға 500-ден астам ерікті қатысты. Әсіресе, жастардың 14×7 метрлік алып Қазақстан туын көтеріп өтуі акцияның айрықша сәтіне айналды.

«Батырларға тағзым»: алматылықтар қазақ батырларының құрметіне алып туды көтеріп өтті

Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесінің төрағасы, генерал-лейтенант Бексұлтан Сәрсеков ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – ел үшін маңызды оқиға. Бұл майданға Қазақстаннан бір миллионнан астам жауынгер аттанды, олардың жартысы ғана оралды. Азаттық пен бейбіт өмір үшін күрескен батырларды еске алу – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы. Олардың ерлігін ұмытпау – біздің міндетіміз, – деді генерал.

Акция маршруты Орталық мәдениет және демалыс саябағынан басталып, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалына дейін жалғасты. Мәңгілік алау жанында қатысушылар гүл шоқтарын қойып, оркестр орындауындағы әскери әуендермен бірге батырлардың рухына тағзым етті. Іс-шараға 30 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты.

«Батырларға тағзым»: алматылықтар қазақ батырларының құрметіне алып туды көтеріп өтті

Қатысушылардың бірі Гауһар Жүсіпова майдангер болған атасының портретін алып шығып, оның ерлікке толы өмір жолын еске алды.

Менің атам Халел Тілепов 1914 жылы Семей облысында дүниеге келген. Соғыс кезінде 39-танк бригадасының құрамында автоматшы болып қызмет етті. Севастопольден бастап Будапештке дейін жеткен жауынгер бабам “Ерлігі үшін” медалімен марапатталған. Бүгінгі акцияға қатысу арқылы атамның және барлық ардагерлердің рухына құрмет көрсетуді өзімнің парызым деп білемін, – деді ол.

Мерекелік шараға ерекше атмосфера қосқан 80 жылдық мерейтойлық символика мен «Батырларға тағзым!» деген жазуы бар ұлттық нақыштағы 10 тақырыптық баннер болды.

«Батырларға тағзым»: алматылықтар қазақ батырларының құрметіне алып туды көтеріп өтті

«Батырларға тағзым» акциясы – қазақстандық батырлардың ерлігін ұрпақ жадында мәңгі сақтау және жас буынға адамгершілік пен патриоттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы маңызды шаралардың бірі.

 

Өзгелердің жаңалығы