Атыраулықтар қызды құтқарамын деп қаза тапқан полиция қызметкерін еске алуға жиналды

22 Наурыз 2019, 15:49
3439
Бөлісу:
 Атыраулықтар қызды құтқарамын деп қаза тапқан полиция қызметкерін еске алуға жиналды

Астана, BAQ.KZ. Атыраудың жүзден астам тұрғыны полиция сержанты Шалқар Ақымбековтің әйелді құтқарамын деп өзі суға батып кеткен орнына гүл шоқтарын қоюға жиналды. Бұл туралы Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Бүгін, 22 наурызда, сағат 10.00-де болған оқиғаға бей-жай қарамаған тұрғындар Жайық жағасына жиналды. Полиция сержантының әріптестері, достары, туыстары мен жақындары және жергілікті тұрғындар оқиға орнына гүл шоқтарын қойды.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, полиция департаментінің басшылығы жиналғандарға көңіл айтты.

Полиция департаментінің жеке құрамы мен аймақ басшылығы қайтыс болған азаматтың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажет көмек көрсететін болады.

Еске салсақ, 21 наурыз күні сағат 21.52 шамасында патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев суға батып бара жатқан әйелді құтқармақ болып, өзенге түскен.

Алайда, қатты ағын салдарынан полиция қызметкерінің өзі суға кетіп қалды. Көпірден секірген қызды оның әріптесі Рүстембек Сүндетов алып шықты. Шалқар Ақымғалиевтің денесі оқиға орнындағы ағыстың төменгі бөлігінен табылып, жағалауға шығарылды.

Отбасының жалғыз асыраушысы Ақымғалиев Шалқар Көшкібайұлы көп балалы отбасында тәрбиеленген. Үйленбеген, 1 сәуірде 25 жасқа толатын еді. Отанға 5 жыл адал қызмет еткен Шалқардың еңбек жолын өз өмірін құрбан ете отырып, суға кеткен қызды құтқарып қалған батыл әрекеті үзді.

Бүгін, 22 наурызда Наурыз мейрамы басталмастан бұрын Атырау облысының тұрғындары полиция қызметкерін бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы