Баталов қызметінен кетіп жатыр ма?

20 Тамыз 2021, 19:22
5940
Бөлісу:
Баталов қызметінен кетіп жатыр ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маған сенім артып, Алматы облысының әкімі етіп тағайындағанына 7 жыл толып отыр, деп жазды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та бастаған ісімді жалғастыруға мүмкіндік беріп, сенім білдірді. Мен әкім болуды лауазым, билік деп емес, ең бірінші зор жауапкершілік, халыққа қалтқысыз қызмет ету деп қабылдадым. Осы уақыт ішінде Үкіметтің қолдауымен, әріптестерімнің және жетісулықтардың көмегімен жұдырықтай жұмылып, қаншама жұмыстарды бірлесіп атқардық, - деп жазды облыс басшысы. 
Жер жаннаты Жетісуда қызмет ету, үлкеннің батасын, халықтың алғысын алу менің тағдырымның ерекше сыйы деп ризашылығын білдірді. 

Ауыртпашылықтар да болды, жетістіктерге де жеттік. Қиындықтарды ортақ мақсатқа деген жауапкершілігімізбен, ынтымақ-бірлігімізбен еңсердік. Игі істерімізге бірге қуандық. Мен үнемі Жетісу халқының, әріптестерімнің және жақындарымның қолдауын сезіндім. Бұл маған небір қиын сәттерде күш-қуат берді, жауапкершілігімді бұрынғыдан да терең сезінуге мүмкіндік берді. Жер жаннаты Жетісуда қызмет ету, үлкеннің батасын, халықтың алғысын алу менің тағдырымның ерекше сыйы деп білемін. Биыл - ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, үлкен белес. Еліміз асулардан аса берсін! Тәуелсіздігіміз баянды, заманымыз тыныш, жұртымыз аман болсын, - деп жазды Баталов.


Өзгелердің жаңалығы