Басына құбыр құлаған: Ақтауда дәрігерлер 7 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Медициналық тексеру нәтижесінде оған ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің көп бөлшекті депрессиялық сынуы, ми шайқалуы, пневмоцефалия және мидың ісінуі диагнозы қойылған.

 BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Кеше 2026, 23:55
Кеше 2026, 23:55
155
Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Ақтауда дәрігерлер басына темір құбыр құлаған 7 жасар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 10 мамыр күні Құрық ауылынан келген баланың ауыр тұрмыстық жарақат алуынан кейін болған. Бала шұғыл түрде Ақтаудағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

Медициналық тексеру нәтижесінде оған ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің көп бөлшекті депрессиялық сынуы, ми шайқалуы, пневмоцефалия және мидың ісінуі диагнозы қойылған. Науқас бірден реанимация бөліміне жатқызылған.

Нейрохирург Ербол Кенжеваловтың жетекшілігімен шұғыл ота жасалды. Операция барысында дәрігерлер бас сүйегіне трепанация жасап, жаншылған сүйек сынықтарын алып тастап, дура пластикасын жүргізді. Күрделі операция екі сағаттан астам уақытқа созылған.

Мамандардың айтуынша, операция сәтті өткен. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақтанып, ол есін жиып, өздігінен тамақтана бастаған және ата-анасын таниды. Дәрігерлер науқастың жағдайын бақылауды жалғастырып жатыр.

Наверх