Бассейндік инспекция қызметкерлері 51 су заңнамасын бұзу фактісін анықтады

16 Қаңтар 2024, 20:33
446
Бөлісу:
Бассейндік инспекция қызметкерлері 51 су заңнамасын бұзу фактісін анықтады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекция қызметкерлері 2023 жылдың қорытындысы бойынша 51 бұзушылық анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, инспекторлар су пайдаланушылардың су заңнамасының талаптарын сақтауы бойынша барлығы 40-қа жуық тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде жалпы сомасы 8 млн теңгеге 208 әкімшілік айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 50 ұйғарым берілді.

Су тұтынуды бақылауды күшейту үшін біз бассейндік инспекция штатын 1,5 есе арттырдық. Олардың материалдық-техникалық базасы да жақсартылатын болады. Сонымен қатар, жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын беруді қарастырдық. Ал, Кәсіпкерлік кодекс су ресурстарын басқару органдары жедел ден қою шараларын қабылдай алатын нормалармен толықтырылады,– деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы