Бассейндік инспекция арнайы су пайдалануға 1300-ден астам рұқсаттама берді

27 Наурыз 2024, 09:47
264
Бөлісу:
Бассейндік инспекция арнайы су пайдалануға 1300-ден астам рұқсаттама берді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекцияларына 2023 жылы арнайы су пайдалануға рұқсаттама алу үшін 1910 өтінім келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, нәтижесінде 1325 рұқсаттама беріліп, 585 өтінім қабылданбаған.

Атап айтқанда, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы 142 рұқсаттама, Балқаш – Алакөл бассейндік инспекциясы – 267 рұқсаттама, Ертіс – 206, Есіл-101, Жайық – Каспий-285, Нұра – Сарысу-170, Тобыл – Торғай-56, Шу – Талас бассейндік инспекциялары - 98 рұқсаттама берді.

Арнайы су пайдалануға рұқсаттама тазартылған сарқынды суларды өзендер мен су айдындарына жіберу, жерасты суларын пайдалану, құрылыстарды немесе техниканы пайдалана отырып, жерүсті суларын алу немесе пайдалану үшін қажет. Елімізде су ресурстарын қорғау іс-шараларын күшейту үшін бассейндік инспекциялар штаты 1,5 есе ұлғайтылды. Ал Су кодексінің жаңа редакциясында бассейндік инспекцияларға қадағалау функциялары беріледі, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы