Баспаналы болуға ниетті үлескерлерге ескерту: Шымкентте 48 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды

Құрылысқа қаржы салмас бұрын бір құжатты тексермесеңіз, ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Прокуратура маңызды мәлімет жариялады.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 09:35
Бүгiн 2026, 09:35
228
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Шымкент қаласының прокуратурасы тұрғынүй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнаманың сақталуына тұрақты түрде қадағалау жүргізуде.

Азаматтарға тұрғын үй құрылысына жеке және заңды тұлғалардың қаражатын тартуға уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тиісті рұқсаты болған жағдайда ғана жол берілетіні түсіндірілуде.

Осыған байланысты прокуратура азаматтарға жаңа құрылыс жобаларына қаражат салмас бұрын құрылыс компаниясында үлескерлердің қаражатын тартуға арналған тиісті рұқсаттың бар-жоғын тексеруді ұсынады. Мұндай құқыққа ие компаниялар туралы ақпарат «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның және қала әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылған, - деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.

Үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз заңсыз тартқаны үшін қолданыстағы заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша соңғы 2 жылда үлескерлердің қаражатын тарту жөнінде тиісті рұқсатсыз жарнама жүргізген 48 құрылыс компаниясы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Прокуратура азаматтардың назарын заңда көзделген рұқсат құжаттары жоқ құрылыс нысандарына қаражат салу құрылыстың аяқталмай қалуы және салынған қаражаттың жоғалу қаупін арттыратынына аударады.

Наверх