Баспана мәселесі. Несие сомасы шектелмейді, бірақ өтінімдерді жалпылама қабылдау болмайды

16 Тамыз 2023, 14:12
2937
Бөлісу:
Баспана мәселесі. Несие сомасы шектелмейді, бірақ өтінімдерді жалпылама қабылдау болмайды

Бұрын түрғын үй сомасы әр аймаққа байланысты 10 миллионнан 18 миллион теңгеге дейін болатын. Енді несие сомасы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасынан есептеледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ директоры Данагүл Түсіпова Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Енді мемлекеттік бағдарламаға қатысу туралы өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жылжымайтын мүлік объектілері аясында қабылданатын болады. Бұл бұдан былай бүкіл Қазақстан бойынша өтінімдерді жалпылама қабылдау болмайды деген сөз. Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, қатысушыларға берілетін несиенің сомасы шектелмейтін болады. Бұрын аймаққа байланысты ол 10 миллионнан 18 миллион теңгеге дейін болатын. Енді несие сомасы пәтер құнына негізделіп, тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасынан қалыптасады. Сондай-ақ әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келіп, пәтердің максималды ауданы 80 шаршы метрден аспайтын болады, – дейді Данагүл Түсіпова.

Тұжырымдама аясында жергілікті атқарушы органдар салған тұрғын үйлерді сатып ала алады. Оның бар-жоғын otbasybank.kz порталынан көруге болады.

Енді мемлекеттік бағдарламаға қатысу туралы өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жылжымайтын мүлік объектілері аясында қабылданатын болады. Бұл бұдан былай бүкіл Қазақстан бойынша өтінімдерді жалпылама қабылдау болмайды деген сөз. Яғни мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетті қатысушылары енді бірден белгілі бір аймақтағы нақты нысандағы нақты пәтерді таңдап өтінім беретін болады.

Өзгелердің жаңалығы