Бәсекелестікті дамыту: Серік Жұманғарин ұлттық жоба туралы айтып берді

25 Ақпан 2022, 11:20
1768
Бөлісу:
Бәсекелестікті дамыту: Серік Жұманғарин ұлттық жоба туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша алқа отырысында агенттіктің төрағасы Серік Жұманғарин ұлттық жоба туралы айтып берді.

Агенттік төрағасының баяндауынша, агенттік бәсекелестікті дамытудағы үш нормативтік кедергіні жоюға бағытталған Бәсекелестікті дамытудың ұлттық жобасын әзірледі.

Біріншісі – «негізгі қуатқа» қол жеткізу, бұл жаңа бизнесті дамытуды немесе бар бизнесті кеңейтуді қиындатады. Екіншісі – инновация мен бәсекенің дамуына кедергі келтіретін баға белгілеудің бұрмалануы. Үшіншісі, фаворитизм – бәсекелестіктің «пайдалы әрекеті» қағидатын бұзуды білдіреді, - деп айтты Серік Жұманғарин.

Айтуынша, осы кедергілер бойынша негізгі жобалар анықталды, олар кейіннен кәсіпкерлік жөніндегі ұлттық жобаға енді.

Сондай-ақ Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп, өзара іс-қимылды күшейту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды және бәсекелестікті қорғау, мамандар бөлу және ақпарат алмасу саласындағы заңнаманы бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша материалдарды беру бойынша регламентке қол қойылды.

Өзгелердің жаңалығы