Қазақстанның бас шыршасы ТМД-ның үздік ондығына кірді

24 Желтоқсан 2019, 13:02
4485
Бөлісу:
Қазақстанның бас шыршасы ТМД-ның үздік ондығына кірді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рейтинг ТМД астаналарында орнатылған шыршалардың биіктігі бойынша жасалған.

Жаңа жыл қарсаңында ТМД елдерінің астаналарында қойылған бас шыршалардың биіктігін салыстыру барысында үздік ондық анықталды.

Ашхабадта орналасқан шырша үздіктер тізімінде көш бастады. Оның биіктігі – 40 метр. Кейінгі орындарда Еревандағы (37 метр), Ташкенттегі (36 метр), Бакудегі (34 метр), Минсктегі (30 метр), Душанбедегі (29 метр), Мәскеудегі (27 метр), Бішкектегі (27 метр), Нұр-Сұлтандағы (25 метр) және Кишиневтегі (20 метр) шыршалар. 

Олардың арасында тек Ресей астанасы Мәскеудегі шырша ғана нағыз шырша ағашы, қалғаны жасанды.

Еске сала кетейік, еліміздегі бас шыршаның шамдары 20 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы EXPO аймағында жағылған еді.

Өзгелердің жаңалығы