Бас санитар дәрігер: Пандемияға дейінгі өмірімізге оралу – өз қолымызда

2 Ақпан 2022, 16:04
1274
Бөлісу:
Бас санитар дәрігер: Пандемияға дейінгі өмірімізге оралу – өз қолымызда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері бас қаладағы эпидахуал аса күрделі болып отыр. 

Тұрақтану үрдісіне қарамастан тіркеу жоғары деңгейде қалып отыр. Тек бір тәулік ішінде 822 расталған жағдай тіркелді. Биылғы жылдың басынан бастап 79 494 елордалық індет жұқтырған. Бұл жалпы ел аумағы бойынша барлық тіркелген жағдайдың 45% -ын құрайды, - деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері. 

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ВАК-та бизнес субъектілері үшін шектеулерді жеңілдету түрлерін алға тартты.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 3 Қаулысы қабылданды. Онда енгізілген өзгерістерге сәйкес қала қай аймақта орналасқанына қарамастан, келушілер мен барлық персоналда «жасыл» мәртебе болған жағдайда Ashyq жобасына қатысушы келесі объектілерде шектеусіз қызмет етуге рұқсат етіледі: СОО, сауда үйлері мен сауда желілері, бассейндер, марафондар, көрмелер, караоке, діни объектілер. Бұл еске алу, салтанатты іс-шараларға, конференцияларға форумдарға да қатысты, - деді Сархат Бейсенова. 

Сондай-ақ ведомство өкілі бизнес субъектілерін бәсеңсімеуге шақырды. Себебі, жазылып шыққан адам қайтадан вирустың тасымалдаушысы бола алады деп отыр. 

Бұл дегеніміз – алдын-алу шараларын сақтау, бетперде кию, қашықтықты сақтау, қолды дезинфекциялау өзі үшін ғана емес, сонымен қатар айналаңыздағы адамдар, туыстар, таныстар, әріптестер үшін де қажет. Дегенмен, барлығы дерлік түсіне бермейді. Өйткені, қаңтар айының өзінде «Ashyq» жобасына қатысушы объектілерде үй карантинін бұзған 3 910 келуші анықталды. 3 837 келуші «қызыл» мәртебеге ие және 73 адам «сары» мәртебеге ие. Пандемиямен күресте сіз жасай алатын маңызды үлес – бұл барлық карантиндік шараны қатаң сақтау және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсету, - деді бас санитарлық дәрігер. 

Өзгелердің жаңалығы