Бас раввин діни съезді сапалы вакцинамен салыстырды

6 Қазан 2021, 16:23
1064
Бөлісу:
Бас раввин діни съезді сапалы вакцинамен салыстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІХ отырысында Қазақстанның бас раввині Ешая Элазар Коген айтты.

Сондай-ақ ол діни лидерлер съезін өткізу игі іске айналып отырғанын алға тартты.

Діни лидерлер съезі туралы айтар болсақ, ол да Қазақстан жасаған үздік вакцина іспеттес. Әркім не ойласа да, өз еркі. Бірақ бізді біріктіретін ортақ күшті естен шығаруға болмайды. Біз бір-біріміз үшін уайымдап, бір-бірімізге қолдау көрсетсек, бәрімізге де жақсы болары хақ. Қазақ халқы мұны дүние есігін ашқаннан біледі, - деп атап өтті Ешая Элазар Коген.

Сондай-ақ ол қазақ халқының бойындағы ерекше дарынға тоқталды.

Достық – бұл адамдарды біріктіретін тамыр. Дәл осы тамыр қазақстандықтарды табысқа жетелейді. Пандемияға тоқталсақ, Жаратқан ауру бергенде, ол оның емін де жіберетін көрінеді. Біз антидененің қалай пайда болатынын көріп жүрміз. Вакцина алғандар сол арқылы антидене алады. Үлгермегендер табиғи жолмен антиденеге қол жеткізеді. Зұлымдықпен күресуге әрқашан мүмкіндік бар. Жаратқанның өзі бұған ертерек жол ашады, - деді еліміздің бас раввині.

Еске сала кетейік, бұған дейін исламабадтық сарапшы әлемдік қақтығыстарды шешуде діннің рөлі зор екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы