Әлемдік қақтығыстарды шешуде діннің рөлі зор – исламабадтық сарапшы

6 Қазан 2021, 15:22
3911
Бөлісу:
Әлемдік қақтығыстарды шешуде діннің рөлі зор – исламабадтық сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІХ отырысында Исламабад халықаралық ислам университеті Ислам зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак (Пәкістан Ислам Республикасы) хабарлады. Оның айтуынша, қақтығыстарды шешуде діннің әлеуеті өте жоғары.

Осындай үн қату елдегі әр түрлі қақтығыстарды шеше алады деп ойлаймын. Қазіргі кезде діндер күшті қуат көзі болып отыр. Ауғанстан, Ирак, Косово, Үндістан, Ирландия, Таяу Шығыс елдерінде қақтығыстарды шешу мақсатында қолданылады. Діннің рөлі осы тұрғыда өте маңызды. Біз ХХІ ғасырдағы идеологияны негізге ала отырып, аймақтық-экономикалық, діни бағыттағы қақтығыстарға қолдандық, - деді Мұхаммед Зия Уль-Хак.

Сондай-ақ Исламабадтағы Ислам зерттеу институтының бас директоры қазіргі заманауи өркениетте барлық дін өкілдерінің бірлесіп жұмыс істеуі маңызды екендігіне тоқталды.

Адамзаттың барлық дін өкілдері күш-жігерлерін біріктірсе ғана ортақ қауіп-қатерді жеңе алады. Қазақстан ұсынып отырған бастамалар теңдессіз. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі шеңберінде барлық елдермен одан әрі диалогты дамытқысы келетіні көңіл қуантады, - дейді сарапшы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль архиепископы съезге адамдар арасындағы бейбітшілікті сақтауға ықпал етеді деп баға берген болатын.



Өзгелердің жаңалығы