Бас прокурор: Шетелге заңсыз шығарылған 760 млрд теңге қайтарылды

12 Мамыр 2023, 10:45
9698
Бөлісу:
Бас прокурор: Шетелге заңсыз шығарылған 760 млрд теңге қайтарылды
Фото: Артём Чурсинов

Бүгін активтерді қайтару жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов атқарылған жұмыс бойынша есеп берді.

Тұтастай алғанда бүгінгі таңда мемлекетке ортақ күш-жігермен 760 млрд теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 млн доллар бар, - деді ол.

Оның айтуынша, Жоғарғы Сот бұрын негізсіз олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған шешімдерді де кері қайтарды.

Бас Прокурордың 24 наразылығын қанағаттандырды. Мысалы Алматы ауыр машина жасау зауытының 31% акциясын жекешелендіруді заңсыз деп тану туралы сот шешімі қабылданды. Басқа жағдайда Жоғарғы Соттың қаулысы астаналық «Думан» қонақ үй кешенінің иелерінен 1,3 млрд теңге өндіріп алуға мүмкіндік берді, - деді Бас прокурор.

Бұдан басқа, соттар заңсыз сатылған мемлекеттік мүлікті қайтару жөніндегі ондаған талаптарды қанағаттандырған.
Олардың ішінде өндірістік нысандар, базарлар, коммерциялық үй-жайлар, элиталық учаскелер және т.б. бар.

Сот шешімі бойынша АМӨЗ меншігіне Атырау қаласындағы Сұйытылған мұнай газды сақтау паркінің 50% үлесі қайтарылды, - деді Берік Асылов.

Өзгелердің жаңалығы