Бас прокурор Қазақстандағы төңкеріс әрекетін ұйымдастырушылар туралы сұраққа жауап берді

14 Наурыз 2022, 13:25
2307
Бөлісу:
Бас прокурор Қазақстандағы төңкеріс әрекетін ұйымдастырушылар туралы сұраққа жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары Бас прокурордан "қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар белгілі ме?" деп сұрады.

Мен бұл төңкерісті ұйымдастыруға тапсырыс берген кім екенін түсінбедім. Қастандықтың жалпы көрінісін көріп тұрған жоқпын. Қастандық жасаушылардың жоспары қандай болды және оларды кім басқаруы мүмкін? – деп сұрады депутат Қанат Нұров Бас прокурордан.

Өз кезегінде Бас прокурор Берік Асылов депутаттың сұрағына жауап берді.

Екі айдан астам уақыт бойы тергеу жүргізіп жатырмыз. Ең маңызды сұрақтар: ұйымдастырушы кім, мұның бәрін кім жүргізуі керек еді, арандатушылар кім? Бұл өте күрделі сұрақ, сол себепті дәл қазір жауап беру қиын. Тергеу аяқталған соң бұл мәселеге нақты жауап береміз, - деді Берік Асылов.

Өзгелердің жаңалығы