Бас прокуратурада қылмыстық процестің үш буынды моделін дамыту мәселелері қаралды

27 Желтоқсан 2021, 16:35
1510
Бөлісу:
Бас прокуратурада қылмыстық процестің үш буынды моделін дамыту мәселелері қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда адам саудасына қарсы іс-қимыл және қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері қаралды.

Оның жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, сондай-ақ облыстардың прокурорлары мен аумақтық қылмыстық қудалау органдарының басшылары қатысты.

Бас Прокурор адам саудасына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осындай қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды. Жәбірленушілер үшін біржолғы өтемақы қарастырылған, ал шетелдік құрбандар үшін елде болу мерзімін ұзарту мүмкіндігі енгізілді. 2018 жылдан бастап адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 283 адам сотталды.

Қатысушылар қылмыстың осы түрін уақтылы анықтау және жолын кесу үшін қабылдануы қажет қосымша шараларды талқылады.

Құлдықтан құтылғаннан кейін адамдар қиындықтарға тап болады және қайтадан сауда объектісіне айналуы мүмкін. Сондықтан оларды медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызметтер пакетімен қамтамасыз ету қажет, - деп атап өтті Ғ. Нұрдәулетов.

Отырыста сондай-ақ прокурорларға аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасау құқығы берілетін қылмыстық процестің үш буынды моделінің келесі кезеңіне өту бойынша ел Президенті қойған міндетті іске асыру мәселесі қаралды.

Бұл прокурордың қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді тәуелсіз құқықтық бағалау тетігін күшейтеді және айыпталушыны сотқа бергені үшін жауапкершілігін арттырады, нәтижесінде қылмыстық шеңберге тартылған адамдардың құқықтық қорғалуын күшейтеді.

Мұндай тәртіп келесі жылдан бастап полицияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі органдарының тергеуіндегі қылмыстық істердің жылына бір мыңнан астамын шамамен қамти отырып, Қылмыстық кодекстің 47 бабына таралатын болады.

Шілде айынан бастап бүкіл ел бойынша пилоттық апробация жүргізілді, жаңа жағдайларда жұмыс істеу үшін құқықтық және техникалық дайындық қамтамасыз етілді.

Бұл ретте, Бас Прокурор реформаларды іске асыра отырып және тергеу сапасын арттырып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қылмысқа қарсы іс-қимыл сияқты басымдықтар басты назарда қалуы тиіс екеніне назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы