Бас прокуратура ҰКҚ-нің қандай қызметкерлері ұсталғанын мәлімдеді

7 Ақпан 2022, 19:09
2072
Бөлісу:
Бас прокуратура ҰКҚ-нің қандай қызметкерлері ұсталғанын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бүгінгі таңда ҰКҚ  бұрынғы төрағасы мен оның екі орынбасары қамауға алынды. Қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен ҰКҚ арнайы мақсаттағы қызметі директорының бірінші орынбасары мен осы қызметтік орталықтың басшысы ұсталды. Қызметтік іс аса құпия санатына жатады. Сондықтан ұлттық қауіпсіздік мақсатында деректер жария етілмейді,- деді ол. 

Ожаров атап өткендей, бұл істер бойынша тергеу нәтижесі міндетті түрде жария етіледі.

Қаңтар оқиғасы тұсында әлеуметтік желілерде жалған хабарламалар көп таратылып жатыр. Алматы мен елордада судың ластануы, 2 мың тәліптің келуі, Алматыдағы биологиялық зертхананың басып алынуы, телефондардың тыңдалуы. Осының барлығы жалған ақпараттар. Ішкі істер министрлігі бұл бойынша тергеу жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы