Бас прокуратура тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды

26 Қыркүйек 2022, 16:14
1275
Бөлісу:
Бас прокуратура тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды

Бас Прокуротура үндеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандық ақпараттық кеңістікте және әртүрлі әлеуметтік медиада түрлі тақырыптар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Нақты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал адамдарды ұстау және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жалған хабарламалар жариялануда.

Мұндай жалған мәліметтер қоғамдық жалған пікірді қалыптастырып ғана қоймай, сонымен бірге қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етуі әбден мүмкін, - деді  ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Осындай шынайылыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер қасақана, өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асырады.

Көрсетілген ұлттық алауыздықты қоздыруға, қорқытып алуға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады, - делінген үндеуде.

 

Өзгелердің жаңалығы