Бас прокуратура Қазақстан темір жолын тексеруді бастады

25 Шілде 2023, 19:25
7935
Бөлісу:
Бас прокуратура Қазақстан темір жолын тексеруді бастады
Фото: BAQ.KZ - архив

Бас прокурор Берік Асылов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қаражатты жұмсау кезінде заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу туралы, жүк тасымалы қызметі мен нарығына қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, биылғы жылғы қаңтардан бастап Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қоғам мен оның еншілес ұйымдарында («Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС) аудиторлық тексерулер тағайындаған. Осы іс-шара барысында мемлекеттік жəне квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану (оның ішінде мемлекеттік мүлік туралы заңнамасын сақтау) мəселелері қамтылады. Екіншіден, қазіргі уақытта Бас көлік прокуратурасы «Қазтеміртранс» АҚ-ның қызметіне тексеру жүргізуде, - деді Берік Асылов.

Бас прокурордың айтуынша, осы тексеру қаржылық жəне өзге де активтермен билік ету кезінде тиімді жəне нысаналы пайдалану қағидаттарының сақталуын, оның ішінде ҚТЖ-мен вагондарды берудің негізділігін жəне басқа да сұрақтарды қамтуда.

Үшіншіден, уəкілетті органдар (Бəсекелестікті қорғау жəне дамыту агенттігі мен Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі) Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық əлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына (Үкіметтің 30.12.2022 жылғы №1116 қаулысымен бекітілген) сəйкес жүк тасымалы нарығында өз қызметін ұлттық жəне жеке тасымалдаушылар жүзеге асыруына болатынын, олар еркін бəсекелестік жағдайында жүктерді темір жол көлігімен тасымалдайтынын көрсеткен. Бұдан бөлек, аталған органдардың жауаптарына сəйкес жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау нарығы бəсекеге қабілетті болып табылады жəне табиғи монополия саласына жатпайды. Жалпы, көтерілген сұрақтар прокуратура органдарының тұрақты бақылауында, - деп жауап берді ол.

Өзгелердің жаңалығы