Бас прокуратура Кәрім Мәсімовтің қанша жылға сотталуы мүмкін екенін айтты

14 Наурыз 2022, 12:26
2195
Бөлісу:
Бас прокуратура Кәрім Мәсімовтің қанша жылға сотталуы мүмкін екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Наталья Дементьева Қаңтар оқиғаларын талқылау барысында Бас прокурор Берік Асыловтан Кәрім Мәсімовтың кінәсі дәлелденсе, оған қандай жаза қолданылатынын сұрады.

Әлеуметтік желілерде депутаттарға көптеген сұрақ келіп жатыр. Соңғы күнде ең өзекті сұрақтардың бірі – «Егер Кәрім Мәсімовтың және басқа да Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің кінәсі дәлелденсе, олар қандай жазаға тартылуы мүмкін?». Енді осыған қатысты қылмыстық іс қай кезеңге келді? – деп сұрады депутат Бас Прокурордан.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов «Мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша қамауға алынған болатын.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов, оның үш орынбасары және екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатыр. Атап айтсақ, «Мемлекетке опасыздық жасау», «Билікті күшпен басып алу», «билікті асыра пайдалану» және «пара алу» бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Бұрынғы төраға мен оның орынбасарлары қамауда. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық бағаны сот береді, - деп атап өтті Асылов Мәжілісте.

Оның сөзінше, егер жасаған қылмыстары дәлелденсе, онда Қылмыстық кодексте 17 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған. 

Сондықтан қазіргі күні тергеу әлі жалғасып жатыр, - деді Бас прокурор.

Өзгелердің жаңалығы