Бас прокуратура дайындаған заң жобасы Сенатта қабылданды

18 Наурыз 2021, 12:25
1365
Бөлісу:
Бас прокуратура дайындаған заң жобасы Сенатта қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Болгария арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификацияланды.

Бұған дейін Қазақстан мен Болгария арасында адамдарды ұстап беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарттарға ратификация жасалды. Ал сотталған адамдарды беру туралы шарт – қылмыстық саладағы соңғы келісім. Шарт ел аумағынан тыс жерлерде жүрген азаматтарымызды қорғау және оларға қамқорлық жасау туралы конституциялық міндеттерді орындауға бағытталған. Келісімнің басты ережесі – сотталған адамдарды өз елінде жазасын өтеу үшін беру және олармен алмасу тәртібін реттеу, - дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Талаптары мынандай:

- сотталған адам, ең алдымен, екі елдің бірінің азаматы болуы тиіс;

- екі елде де қылмыс болып саналатын әрекет үшін сотталған болуы қажет;

- сұрау алынған кезде үкім заңды күшіне енген және кемінде 6 ай өтейтін уақыты қалуы керек;

- сотталған адамның жазбаша келісімі қажет;

- екі ел де беруге келісуі қажет.

Осы айтылған талаптар сақталмаса, адам берілмейді. Қазір бізде де, Болгарияда да сотталған азаматтар жоқ, - дейді Бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, мұндай шарттар 21 елмен жасалған. Мысалы: Украина, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және т.б.

Өзгелердің жаңалығы