Бас мүфти Алматының зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берді

1 Сәуір 2023, 22:02
992
Бөлісу:
Бас мүфти Алматының зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда зиялы қауым өкілдеріне, түрлі сала қызметкерлеріне, сондай-ақ қарттар және балалар үйіндегі жандарға арнайы ауызашар берді. Бұл туралы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас мүфти ауызашарда жұртты Рамазан айының келуімен құттықтап, сауапты амал жасауға шақырды.

Берекелі айда көбірек сауапты амал жасауға асығайық. Ата-анамыздың, қазыналы қарттарымыздың дұғасы мен алғысын алуға тырысайық. Мүмкіндікке қарай мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, науқастың көңілін сұрап, сауап алайық, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ауызашарға жиналған ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері бас мүфтиге алғыс білдіріп, діни басқарманың игі бастамаларына сәттілік тіледі.

Ауызашар дастарқанында термелер орындалып, жас таланттардан құралған бір топ жігіттер заманауи дәстүр үрдісімен жарапазан жырын айтты. Сонымен қатар бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға және балаларға арнайы рамазан сыйын табыстады, – деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы