Бас мүфти: 2023 жыл - Ислам және ізгі қоғам жылы

20 Наурыз 2023, 13:17
4108
Бөлісу:
Бас мүфти: 2023 жыл - Ислам және ізгі қоғам жылы
Фото: islam.kz

Биыл діни қызмет аясында «Ислам және ізгі қоғам» жылы болып жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «Рамазан айына дайындық туралы» өткен брифинг барысында айтты.

Жыл аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы конференциялар мен семинарлар өткізуді бастаған. 

Сонымен қатар биыл облыстық мешіттер жанынан көне түркі тілінде жазылған Ханафи мәзһабына негізделген «Ғибадат исламия», «Сопы Аллаяр», кітаптарын оқыту курстарын ашылады.

Былтыр біз бес томдық «Ислам энциклопедиясы» ғылыми жобасын әзірлеуді қолға алдық. Бүгінде аталған жобаға 70-ке жуық дін, тарих, мәдениет саласының мамандары, ұстаздар мен ғалымдар атсалысып жатыр. Биыл «MUFTIYAT» баспасынан «Ислам энциклопедиясының» І, ІІ, ІІІ томдарын жарыққа шығарамыз. «Бабалар ізімен аясында Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты еңбекті әзірлеп қойдық. Сонымен қатар «Дін мен дәстүр» кітабының үшінші томын халыққа таратамыз. Осыған дейін «Дін мен дәстүр» кітабының екі томы шыққан болатын,- дейді бас мүфти.

Наурызбай қажының айтуынша, медресе-колледждердің оқу бағдарламасына факультатив дәріс ретінде «Алаштану», «Тұлғатану» пәнін енгізу туралы бастама көтерген.

Ал өткен жылы Діни басқарма жанынан ақсақалдар мен сарапшылар кеңесі құрылған.

Өзгелердің жаңалығы