Бас имам Алматыда бір мезетте 7 мың адам намаз оқи алатын мешіт құрылысымен танысты

29 Мамыр 2021, 12:10
32599
Бөлісу:
Бас имам Алматыда бір мезетте 7 мың адам намаз оқи алатын мешіт құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған ресми сапарында Алатау ауданында салынып жатқан жаңа зәулім мешіттің құрылысымен танысты.

Бас мүфти жаңа мешіттің қазақы нақышта салынуына назар аударды. Сонымен қатар жамағатқа қолайлы көлік тұрағының болуына көңіл бөлді.

Айта кетсек, Алатау ауданында бой көтеріп жатқан құлшылық үйінде бір мезетте 7 мың адам намаз оқи алады. Мешіттің құрылыс жұмысын осы жылдың желтоқсан айында бітіру жоспарланған.

Бас имам Алматыда бір мезетте 7 мың адам намаз оқи алатын мешіт құрылысымен танысты

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мешіттің құрылысымен танысқан соң Алматы қаласының жаңадан тағайындалған бас имамы Төлеби Оспанға нақты тапсырмалар берді.

Ғимараттың жалпы алаңы – 16 мың шаршы метр. Архитек­туралық жобаға сәйкес, мешітте биіктігі 75 метрлік бірнеше мұнара болады. Кешеннің орталық бөлігінде 9 күмбезді негізгі ғимарат орналасады. Сондай-ақ оның құрамына ислам кітапханасы, әкімшілік бөлік, намаз оқитын залы бар әйелдер корпусы, діни рәсімдер өткізуге арналған зал, оқу-ағарту топтарына арналған және медресе сыныптары бар ерлер бөлігі, сондай-ақ, шеберхана мен дүкендер кіреді, - делінген хабарламада.

Бас имам Алматыда бір мезетте 7 мың адам намаз оқи алатын мешіт құрылысымен танысты

Өзгелердің жаңалығы