Бас дәрігерге қатысты шешімді әкімдік қабылдайды – вице-министр

15 Сәуір 2020, 18:40
1627
Бөлісу:
Бас дәрігерге қатысты шешімді әкімдік қабылдайды – вице-министр

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Нәдіров бүгін жасаған бейне-үндеуі барысында Алматы орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің жаппай вирус жұқтыруына байланысты пікір білдірді.

Бұл жағдайға байланысты жұмыс комиссиясы құрылды, тергеу жүргізілуде. Бізге мұндай жағдайдың келешекте қайталанбауы үшін бұл жағдайдың қалай пайда болғаны маңызды. Бас дәрігердің жұмыстан неліктен босатылғанына келер болсақ, бас дәрігер қандай да бір өңірдің Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен жұмыстан босатылып, тағайындалады. Яғни, бұл әкімдіктің құзыретіне кіретін штаттық бөлім. Бұл мәселені қала басшылығы салмақты түрде ойланып қабылдады, деп ойлаймын. Оның үстіне, менің білуімше, бас дәрігер жұмыстан өз еркімен кетуге өтініш жазды. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, ешкім Еңбек кодексін бұзған жоқ. Мен бас дәрігермен жеке таныспын, оны жақсы маман ретінде білемін. Тағы айтамын, бұл мәселе бойынша шешімді әкімдік қабылдайды, - деді Қамалжан Нәдіров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының (ОҚКА) бұрынғы директоры Алмас Жұбашев жұмыстан неге кеткенін мәлімдеген болатын. Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.
Өзгелердің жаңалығы