Алматыдағы клиникалық аурахананың экс-директоры жұмыстан неге кеткенін айтты

15 Сәуір 2020, 13:33
2082
Бөлісу:
Алматыдағы клиникалық аурахананың экс-директоры жұмыстан неге кеткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының (ОҚКА) бұрынғы директоры Алмас Жұбашев бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Аурухананың экс-директоры денсаулық жағдайына байланысты бұл мәлімдемені ертерек жазуға мүмкіндік болмағанын айтады.
Туындаған жағдайға байланысты түсіндірме бергім келді. Біздің клиника көпсалалы, оның негізгі бағыты - тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсету. ҚДБ пульмонологиялық профиль науқастары мен респираторлық вирустық аурулары бар науқастарды ауруханаға жатқызу туралы бұйрық ҚДБ-да бұған дейін де бірнеше рет айтылғандай, түбі бір жарылатын жара сияқты жағдай болды. Біздің барлық талаптарымыз ескерілмеді.
Осыған байланысты, клиника әкімшілігі барлық эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес уақытша бөлімше құру туралы шешім қабылдады. Науқастардан бірден короновирус анализі алынды. Ал, шұғыл емдеуді қаже ететін пациенттермен жұмыс жасау кезінде оларды тексеру және диагноз қою қажет болды. Бұл үшін барлық қажетті жабдықтар қабылдау бөлімінде орналасқан. Мұндай науқастарды қабылдау үшін қысқа мерзім ішінде қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған жеке ғимарат салу мүмкін болмады, сондықтан науқастарды тексеру жұмыстары дәл осы қабылдау бөлімінде жүргізілді. Жоғарыда айтып өткенімдей, біз науқастардың барлық тобына жедел көмек көрсетеміз, соның ішінде хирургия да бар,-дейді ол.

Алмас Жұбашев мұнда бұрын күніне 200-300 пациент емделетін, ал қазіргі жағдайда қаланың 2 емханасы жабылған кезде олардың саны күрт көбейгенін айтты. 
Әр пациент қасына 1-2 адамды ерте келеді, енді санай беріңіз. Вирустың жұғу деңгейінің жоғары екенін ескерсек, әр пациент өзімен бірге оның таудай көлемін ала келеді деген сөз. Инвазивті әдістермен тексеру және емдеу тығыз байланыста болуды қажет етеді және жеке қорғаныс құралының (ЖҚҚ) қолданылғанына қарамастан, ауруды 100% жұқтырмау мүмкін емес. Короновирусқа арналған тест нәтижелерін ғимаратқа кіргізбей күту мүмкін емес және ол науқастың өмірі үшін қауіпті. 
Науқастар мен қызметкерлердің кіріп-шығуы үшін ауруханаға кірерде сүзгілер, анамнез жинау, температура өлшегіш, қол және аяқ киімдерді сүртуге арналған бірнеше кіреберіс ұйымдастырылды. Осындай тексеру кезінде жоғары температурасы бар қызметкер анықталды және одан COVID-19 расталды. Осыдан  кейін барлық науқастарды вирусқа тексеру туралы шешім қабылданды. Тексеру барысында жедел хирургиялық патологиясы бар пациенттерде оң нәтиже табылғанын атап өту қажет деп санаймын. Бұл пациенттер сонымен қатар, қызметкерлерге вирус жұқтырған инфекция көзі болып табылады,-деді ол. 

Аурухананың экс-директоры жұмыстан шығуға не себепті шешім қабылдағанымен бөлісті.
Пандемия бүкіл әлемде өршіп тұр және бір сценарий бойынша жалғасуда, бұл жағдай Қазақстанды да айналып өтпеді. Біз дамыған елдерде де науқастарға толы ауруханаларды көріп жүрміз. Бұл вирусты бір-бірінен жұқтырған науқастар, сондықтан олар толық емделмейінше босатылмайды. Жағдайға байланысты отбасыммен және туыстарыммен ақылдасқаннан кейін мен аурухана қызметкерлеріне қысым жасалмас үшін өз еркіммен жұмыстан кетуге шешім қабылдауға мәжбүр болдым. Бұл шешім бәрін қанағаттандырады деп ойлаймын. Ел президенті Қасымға-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Үкіметке, Алматы қаласының әкімдігіне ерекше алғыс айтамын. 
Ал, гигиеналық құралдардың жетіспейтіндігі туралы пікір жазып жатқан адамдарға қызметкер ретінде, клиниканың  эпидемиологиялық мәртебе бұйрығына сәйкес аурухана  барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгенін мәлімдеймін. Әріптестеріме ерекше алғысымды білдіремін! Қолдауыңыз үшін рахмет! Мен сіздерден қазір бір-бірімізге бірдеңе дәлелдейтін уақыт емес, бізге Отанымыз, халқымыз бұрынғыдан да аса мұқтаж,-деп жазды ол әлеуметтік желіде.


Өзгелердің жаңалығы