"Барыс" Швейцариядағы турнирде екінші орын алды

18 Тамыз 2019, 13:13
1341
Бөлісу:
"Барыс" Швейцариядағы турнирде екінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің "Барыс" хоккей командасы Швейцариядағы турнирде екінші орын алды.

"Барыс" хоккейшілері швейцариялық "Цуг" командасына жол беріп, маусымда алғаш рет жеңілді, деп хабарлайды vesti.kz.

Осылайша, Швейцариядағы Lehner Cup турнирінің ойыны 3:5 есебімен аяқталды.

Турнир қорытындысы бойынша, Lehner Cup жеңімпазы алты ұпай алған "Цуг" командасы болды. Екінші орынды үш ұпаймен "Барыс" иеленді. Үшінші орынға "Витковице" командасы ие болды.


Өзгелердің жаңалығы