«Барыс» Мәскеуде ЦСКА-ға есе жіберді

8 Қыркүйек 2020, 07:10
1533
Бөлісу:
«Барыс» Мәскеуде ЦСКА-ға есе жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлықтық хоккей лигасындағы матчта «Барыс» мәскеулік ЦСКА командасымен ойнады, деп жазды Prosports.kz.

Қазақстандық клубтың құрамы келесідей болды: Ортио (Қаратаев) - Орехов-Диц, Фраттин-Виделл-Старченко; Сведберг-Блэкер, Михаэлис-Қасқыр-Лиля; Металников-Маклюков, Аколзин-Сагадеев-Шевченко; Гайтамиров, Панюков-Шестаков-Петухов (Мусоров).

Мұз айдынының қожайындары бірінші кезеңде үш минуттың ішінде Максим Мамин мен Андрей Светлаковтың күшімен екі гол соға білді. Қазақстандық команда сапынан Никита Михайлис бір шайбы соғып, есепті қысқартты. Екінші кезеңде ЦСКА-дан Антон Слепышев шайбы айырмашылығын екеуге жеткізді. Соңғы жиырма минут ештеңе өзгермеді. Қорытынды есеп - 3:1. «Барыс» екінші матч қатарынан қарсыласына есе жіберді.

10 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда «Барыс» қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдайды.

ЦСКА (Мәскеу, Ресей) – «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 3:1 (2:1, 1:0, 0:0)

Шайбы соққандар:

1:0 – 07:58 Мамин (Окулов)
2:0 – 10:32 Светлаков (Лайпсик)
2:1 – 16:27 Михайлис (Волк, Сведберг)
3:1 – 36:12 Слепышев (Робинсон, Голдобин)

 



Өзгелердің жаңалығы